Жақсы белгі, оң тұспал. ~ Кенжебек аңтарылып, көкке көз тікті. Кәдімгі түнгі аспан, жұлдыздар баданадай анық, ай сүттей жарық. Жылқышы ата нені мегзеп, қандай игі нышан көргенін ол түйсінгісі кеп кетті. А.Кем. ~ Бір ғажабы, күрестен соңғы ұрыс даласы әрі қасіретті, әрі кереметтей тылсым да мұңлы бейнеде болушы еді– ау, бірақ қаншама елік сасығанымен, сол майдан даласынан ертең туар игі нышан байқалатын. О.Бөк. ~ Айналайын түріңнен, жүрісіңнен, Былдырлаған тіліңнен, күлісіңнен. Игі нышан білінсе бір ісімнен, Саған деген сезімнің нұры сіңген. Г.Сейт.
