Posted in

ИЕГІҢ ҚЫШЫМАСЫН

Босқа демеленіп, әуре болма д.м. ~ Ялтаға биыл өлігімді сүйретсем де барамын. Ауыл деп иегің қышымасын. Ш.Мұрт. ~ Бөрібай тәсілге көшті. – Дорбадағы балық емес, жазған, оған иегің қышымай-ақ қойсын. – деді. О.Сәрс. ~ Бәрібір oнымeн eсeп айырысатын адамың мeн eмeс, иeгің қышымасын. Г.Г.Мар. ~ Қастерлі көкең, қадірлі жәкең болмаса, кітап шығарамын деп иегің қышымасын… С.См.
~ Қойсаңшы, шал, бос әуре ол. Мен барады деп иегің қышымай- ақ қойсын. Маған оның түкке де керегі жоқ. Ш.Айт. ~ Келіншек … “Бүйтіп иегің қышымасын, мен бәрібір саған тимеймін, – деп шаптықты. О.Сәрс.