Әлде бірдеңеден дәметті, бірдеңеге емексіді, үміт артты, ~ Ендігі билік Райханда, қос дейді екен, қосамын. Бірақ, енді сізден ақы алармын деп иегім қышымас, – деп жылқышы Райханның атын әдейі атап, атының басын бұра беріп еді, Қарасай шырт түкіріп зілдене қалды. С.Жүн. ~ Құр тұлыпқа мөңіреген сиыр сияқты, босқа иегі қышып,текке арамтер болыпты. Д.Досж. ~ Айтып отырғанының бәрі рас. Бірақ, Пахраддин кешегі шұбырған елден Сырға тәрізді қайырым, жәрдем дәме етіп иегі қышымас еді. С.Елу. ~ «Болса – болар, бастықтардан жеңіл жұмыс сұрап келіп жүрген мазасыздау алып адамды көргенім бар… шеткі ауылда, көше бұрылысында… әйтсе де жеңіл мәшинеге иектеріңіз қышымасын, май қымбаттағалы автобусқа мінетін болғанбыз». Д.Дос.
