Біреуге сенді; көмегін пайдаланды; арқа тұтты. ~ Тайжанның ендiгi иек артар медеуi –
жарық дүниенiң сан өзгерiп, сан құбылар бояуын ажыратып, аңғарар асылы – көз жанары
мен өз-өзiнен ым-қимылға ерiксiз сұранған қолдары ғана. П.Дүй. ~ Бір рет Шәріпхан төрені
қорғап, қашқан елді қайырып келіп еңбек көрсеткен. Иек артатын адамыңыздың біреуі сол
демекшімін ғой. Ж.Шәк. ~ Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – ырысы бар. Бірақ
ылғи иек арта бермей, сүйеніш те бола біл. Қ.Тол. ~ Әлдеқашан жеке үй болып кеткен
балалар да қазірге дейін осыларға иек артады. Қ.Мұқ. ~ Көз ашқаннан бері осы жарықтыққа
иек асып, қатын, балаңның күнделікті рызық несібесін көк теңізден алып жеп отырғасын
қайтесің. Ә.Нұрп.
- Жақындап келді, жетіп қалды. ~ Осы көрдің жиегіне иек артты басқа елес, Иек артып,
қармана кеп, кемсендеді ашты өңеш; Сірә, өзі, саргідір, сергек-селтең жас та емес. М.Мақ. ~
…Торғай өзенінің төменгі ағысын бойлап Қарақұмның терістік бөлігін басып, Ұлытаудан
бастау алатын әлденеше өзенше-өзектерден өтіп Сарысулатып Қаратау баурайына да иек
артты. С.Ақт. ~ Сағындық он жетіден аса бере соғысқа барды. Қырық үшінші жылы он
жетіден асып, он сегізге иек артқандарды майданға алғанда алғашқылардың бірі боп тізімге
ілікті. Қ.Түм. ~ Жол ирелеңдей жорғалап, түйе тайлы бел үстіне иек артқанда, етектегі ауыл
да алақандағыдай ал-айқын, алдынан шоғырлана шыға келді. М.Сүн.
