Жидіп, ыбылжып, өңінен айрылды. ~ Телжанның алдында сонау бір кезде торкөз дәптердің беті не жазылған тілімдей-тілімдей төрт хат жатыр. Төртеуі де сар тап боп сарғайып, илеген терідей жұмсарып, әбден тозған. Д.Әш. ~ Иленген терідей жұмсарып, үстіндегі жүні уыс-уыс түсіп қызыл шақа болған көтерем қойдай әлсіз кәрі-құртаң шал. Тек көзінде ғана ыза, ашу қалдығы бар. І.Ес. ~ … батыр ашуды ақылға жеңгізіңіз! Мен тұтас бір халық уақтанып, ер жүректігі жойылып, илеген терідей болбырап кетеді дегенге сенбеймін…І.Ес. ~ Ұстарамен жалтыратып қырғызған илеген терідей былжыраған рабайсыз жалпақ басы адам бейнесін нобайлап соққан қара тасқа қондырып қойған дәу қарбыз секілді. С.Ом.
