Ар-ұяты бар, Алла жолын ұстаған, ниеті түзу адам туралы. ~ Қош, аман бол, Алла жар, Жалғызымды тапсырдым, Құданың досты пайғамбар! Мерген байлап оқ атар Ұшқан көлдің қуына. Иманды құл кез келер Қаузы, кәусар суына. “ҚҚҚ.” ~ Қиямет күн болғанда, Жерге халық толғанда, Сонда сен де барғайсыз, Ұлың анда көргейсіз. Иманды құл ұжмақта, Имансыз құл тамұқта, От ішінде зарланып, Азап көрер күн болар, Иманды құл ұжмақта, Сегіз қабат ұжмақта. БС “Бозжігіт”. ~ Баланың бағын білмейміз Кейінгі қалған заманда-ай. Ақ мешіттің ажары Иманды құлға жабысқан. Н.Шырш. ~ Топырағы бізден болар деп, Жоқ еді жұрттың қапері. Дүйсенбі күні қаза етті Иманды құлдың әсері. Бұл бір күні дүние өттің, Жапырағың күйзелттің. Ақ пен қара танытып, Артыңда калған балаға Ғылымның жөнін үйреттің. Н.Шырш.
