Дін жолын адал ұстаған, имандылықтан айнымаған адам туралы. ~ Бірақ Көкбай, Шұбар, Ақылбайлар өздерінше иманына берік болып сөйледі. Сондықтан олардың шыңына жетіп, аса батырып айтуды Абай, Мағаш, Кәкітай үшеуі де көп машық етпейтін. М.Әу. ~ Сайын даланың төсінде Алаш аманатын мойнына арқалаған, иманына берік тұлға, ескінің жамап жасқаушысы, жаңаға жау болып елге мүлде басқа қырынан келуі – тарихи танымның емес керісінше көркем әлемнің еншісі еді. Т.Жұрт.
