Өлім қаупі туғанда, жан тапсырар алдында дұға оқып, Аллаға сыйынды. ~ Үлкендер жағы имандарын үйіріп, мылтық кезеген тентектің жағасына жармасты. Ы.Дәбей. ~ Молда мен Өтеген қабаттасып, әкемнің тамырын ұстады. Молда күбірлеп иман үйіруге кірісті. Т.Әбд. ~ Қарт-қария, әдетте, қайғыға берік келеді; мақшар күнге іштей алдын-ала әзірлік жасап, иманын үйіре бере ме, ол күннің қасына қарағанда қалған уайым, зіл-зала әншейін ойыншық болу керек. М.Қаб.
- Қорқытып – үркітті, басына әңгір таяқ ойнатты.
~ Таңертең, я түнде бір ауылға жердің астынан шыға келгендей жетіп, құтырған қасқыр тигендей, қатын-баласын шу еткізе түседі. Мылтық атып ауылдың иманын үйіреді. С.Сей.
