Posted in

ИМАНЫ БЕТІНЕ ШЫҒЫП ТҰР

Мерейлі жүзінен, қас-қабағынан жылулық танылатын, кішіпейіл, ибалы адам хақында. ~ Жалпы дене-тұрқы ғана емес, бет-пішіні де мүлде əдеттегі көзіміз үйренген ортадан бөлек, оқшау. Оқшау болғанда кескін-кейпі ойға, ақылға суарылғандай соншалық нұрлы, тартымды, тіпті иманы бетіне шығып-ақ тұр. З.Қаб. ~ Кенжекей асты түсіргесін де күйеуі мен балаларының ойынын бұзғысы келмей қазан жанында күлімсіреп отыр. Осы бір иманы бетіне шығып тұрған ірі денелі жігітке жар боп қосылғанына шүкіршілік қып, «е, құдай, осы қуанышыңнан айыра көрме»,– деп тіледі. Ә.Нұрп. ~ Қайтесің, құдайдан күштімісің, өлі арыстаннан тірі мысық деген ғой. Бұл да жаман емес, бір иманы бетіне шығып тұрған бала, әйтеуір… Әрине, Дәурен болу қайда бұған… З.Қаб.