Зәре-құты қалмай үрейленді. ~ Тағы осы жерде бір сұмдық есіме түсіп иманым зәр түбіне кетті, біреу төбемнен суық су құйғандай бірдеме болып, басым дың етті. Б.Қыд. ~ Ойпыр-ай, мынау ұрыдан гөрі масқарапаз болуға лайық екен, мынанікі, көпе-көрнеу өтірік! — деді жай ғана Шалтабай Сәкебайға. Мұны мен естіп қалып, иманым зәр түбіне кетті. Б.Қыд. ~ Тәубе де, қарағым, тәубе де! Зәр иманым зәр түбіне кетіп еді. Аяғы емес, белі үзілген шығар деп ем. Енді құлын тастамаса, уақасы жоқ. Өзіңді де құдай мықтап сақтады. К.Қаз.
