Posted in

ИМАНЫ ҚАРА ТАЯҚТАЙ БОЛДЫ

Шошып кетті. ~ Оған iжкiмнiң дауы жоқ. Сен сүйтесiң, — дедi соны көрiп иманы қара таяқтай болған Дәуiт бүгiле түсiп. Б.Алд. ~ Соны естiп, иманы қара таяқтай болған Көптiлеу сыр бермеген. Б.Алд. ~ Мойынын әлекеше созып жiберiп, iлгерi қарады. Сонау алыстан Ақмешiт жаққа қарай созыла түскен қалың шаңды көрiп, иманы қара таяқтай болды. Б.Алд. ~ Халық бір салықтан құтылып «уһ» деп дем ала бергенде, ояздан жаңа жарлық келеді де, старшындар, болыстар жаны қалмай, екі етегі далпылдап шаба жөнеледі. Жауыр аттай ығыр болған халық қыр басынан қара қылт етсе де, иманы таяқтай болып: «Ойбай, салық келеді», – деп зар қағып қоя береді. Ә.Нұрп.