Posted in

ИМАН ЖОҚ (ЕКЕН)

Ұят жоқ, иманшылықтан кеткен. ~ Уәделі түнде мен оны өз қолымнан жөнелтіп салдым. Әке-шешемде де иман
жоқ: «жатқа олжа болмаймыз» деп, бір ғана жамалған ескі көйлектен басқа киімдерін сыпырып алып қалды.
С.Мұқ. ~ Айтуым керек оларға: Жер бетінде тәртіп жоқ. Әділдік жоқ деп. Билікке, байлыққа таласқан озбырлар
көп деп. Иман жоқ. Қан төккіш қарақшылар көп деп. Ш.Мұр. ~ Екінші топ басқаша топшылады: «Бұл не деген
сұмдық. Қыз табылмағандай, өз жолдасының жесіріне қызыққаны. Жас кезінде тәуір көрген шығар. Балжанда да иман
жоқ екен. Байсыз қаламын деп қорқа ма? Тым болмаса соғыс біткенше шыдаса қайтеді». К.Қаз.