Шариғат бойынша әл үстіндегі адамға ғибадат еткізу. ~ Осылайша сол бір таң Шығыста ерекше арайланып атып еді. Маулана
ханға ғұсыл (дәрет) жасатып, иман сөзін айтқызды. Хан мұсылман болды. Енді олар мұсылман дінін қалай өрістету
шараларына кірісті. С.Бақторазов. ~ Әзіреті Пайғамбарға ондай болса, мен иманды сол кісінің қасында айтамын деген бір
әулие кісі қоймай, әзіретке иман сөзін айтқызды. БАҚ.
