Жанына батты, жайсыз тиді, жүрегін шаншытты. ~ Егерьдің күңкілі де қасақана екен, қос кемпірдің құлағына инедей қадалған немкетті сөз екеуінің де кесесін дастарқанға еріксіз қайтарды. Қ.Ысқ. ~ Менің бір айтар сөзім бар, бастық інім, — дегенде бір уыс шашы тіп-тік боп үдере түрекелген мілитсә дөкейіне «інім» деген сөз инедей қадалды. Қ.Түм. ~ Сендердің әрбір жөнсіз қылықтарың оның миына инедей қадалып тұрады. Майқанованың шыж-быж етіп ұрса жөнелетіні осы себептен. Б.Соқ.
