Су жаңа, тап -таза. ~ …оның қасында қырықтар шамасындағы, киім-кешегі ине-жіптен жаңа шыққандай жинақы, сөзуарлау танысы және әлі кәрілік келмесе де, бұйра шашы мезгілсіз бурыл тартқан, бойын жұрттан аулақ ұстайтын жат мінезді, қалбалақ қимылды, ойнақы, жайнаң көз, тәпелтек мырза. Л.Тол. ~ Ол кірген бойда аңғаратыным, тыныш ұйқыдан соңғы жанарының жалтылы, ине-жіптен жаңа шыққандай тазалығы, сүйкімді салқын алақаны, асығыс жан-жағына қарайды да мені келіп сүйеді. И.Бун. ~ Малшылар осы кезде келіп жеткен шекарашылармен — қартаң капитан және ине-жіптен шыққандай су жаңа әскер киімін киген өрімдей мүлде жас екі жігітпен дабырлай амандасты. Ә.Әл.
