Имиген, жадау, тым арық адам туралы. ~ Қабырғасын қақыратып жүріп азаппен жеткен Жеңіс күнінде ыңырсып ине жұтқан иттей үйде жатуды ар санады- ау деймін… О.Бөк. ~ Жігіт екі бүктетіліп, ине жұтқан иттей имиіп тұр. М.Қаб.
- Қай жерге бас сұғарын білмей сандалу туралы. ~ Бәсе, ине жұтқан қаншықтай бұратылып, оған не жоқ? Оның да көзінің еті өсейін дегені ме? Т.Әбд. ~ Мені есік сыртына шығарып, артымнан бір тепті… Мен ине жұтқан иттей бұралып, жетімдер бұрышынан бір– ақ шықтым. Ал, итпен ойнап көр енді! Д.Әш. ~ … меніңше, ең үлкен дерт – күдік. Бұл тірілей-ақ ішек-қарын, өкпе-бауырыңды шикі жейтін жегі, мен осыны басымнан кештім. Ине жұтқан иттей боп әрі жүрдім, бері жүрдім… Ж.Нәж.
