Posted in

ИНЕ КӨЗІНЕН ӨТЕРДЕЙ (ӨТКЕНДЕЙ)

Пысық, ширақ, қағылез. ~ Ине көзінен өтердей жылмағай, сөзуар, оң жақ бетінің самайдан иегіне дейін тыртығы бар, жауырынды, төртпақ Байсұлтанды осы жерде кездестірермін-ау деп ойламаған; мұнан үш-төрт жыл бұрын «подлог жасап», өзі айтқандай шатысып екі жылға сотталып кеткен. М.Сүн. ~ Тек ерекше қабілетті, иненің көзінен өткендей епсекті жанның ғана қолынан келеді-міс. Есесіне, бұған табынушылар өте көп. Ә.Фай.