Posted in

ИСІ ҚАЗАҚ

Бүкіл қазақ, нағыз қазақ, қазақ атаулы. ~ Адамның көз жеткісіз қарасына, Дегендей исі қазақ бəрі осында. Жауғандай Ерейменге жаңбыр кісі, Қусақтың тарпы тура жағасына. І.Жанс. ~ Сол Біржан – осы Біржан, қайран Біржан,
Келе сап Қояндыны қайран қылған. Біржанды «келеді деп» күтуші көп Жиналған исі қазақ ойдан-қырдан. К.Мырз. ~ Олардың түрiн де, түсiн де, тiлiн де айырып болмайды. Олай қарап, бұлай сынаған адамға тiптi исi қазақ емес сияқты. М.Әбдіх.* Негізінен қазақты қан емес, жан бірлігі жақындатуы тиіс. Қанымыз бір деп руға бөліне қалатын исі қазақ, жанымыз бір деп, тұтас қазақ болуға жұмылуымыз керек шығар. М.Әубәкір. * Өз руы үшін жан алып, жан береді. Исі қазақтың қосы тігілсе, сол тұстан табылады. Т.Жұрт.