Жәудірей қараған сүйкімді көзқарас. ~ Дәт көңіл шыдай алмай, тыпыршыған. Ақ маңдай, ителгі көз, алма мойын, Қанды бет, жазық маңдай, ыссы қойын, Алыстан ат арытып келгеніңде, Балқиды қорғасындай тұла бойың. Абыл Тілеуұлы. ~ Ханның киген кіреуке – Үстіме кисем деп едім. Қанікейдей көріктіңді Қалыңсыз құшсам деп едім. Тінікейдей тектіңді, Ителгі көзін төңкертіп, Күшіктей даусын қыңсытып, Аш күзендей белін бүгілтіп, Әділ жаннан түңілтіп, Ат көтіне үңілтіп, Артыма салсам деп едім. Махамбет. ~ Ой, қалқа, ғашықтықпен іздеген біз, Қыздардың қырмызысын ителгі көз. Алыстан ат терлетіп келгенімде, Өзіңнен тілек етем бір ауыз сөз. Ақан с.
