Posted in

ИТКЕ ТАСТАҒАН СҮЙЕКТЕЙ ЛАҚТЫРДЫ

Құлықсыз, жиіркенішпен тастай салды. ~ Әбден қаңқу сөзге мезі болған жас қыз, ашынып, ашылып алыпты. “Сізді” қойып “сенге” көшіпті. – Сен, менің алшаң басқан еркін өмірімді ойрандап, таптап тастап итке тастаған сүйектей лақтырып кете бермекшімісің?! Т.Рыс. ~ Шабаданын итке сүйек тастағандай лақтырғанымды тоспасын, бітті осымен! Әпенді апыл-ғұпыл кері шегінді… Ары не жасарын білмей абдырады. Тағы да жаны күйзеліп кетті. З.Төл. ~ Әл-дәрмені құрып, кеңезесі кепкен күйі сүлдерін әрең сүйреп келе жатқанда шекара маңында соңғы малын сойып жатқандарға көзі түскен екен. Сөйтіп, солардан талғажауға татыр дәм сұрайды. Әбден ашыққан оларға мал сойып жатқандар қойдың безі мен шикі ішегін итке сүйек тастағандай лақтыра салыпты. Амал жоқ, жиіркенсе де шарасыз жеген соны. Ә.Ніл.