Өзінен төменнің деңгейіне түсті. ~ Осынау сын шақта албырттықты сабырға салып, ашуды ақылға жеңдiрiп, жұрт алдында төбе көрсетудiң орнына, әлдекiмдердiң басбұзар тентектерi құсап итпен ит болып ырақайласып кеткенi жынын қоздырды. Ә.Ыб. ~ Қарағым, таң атпай мені үріп оятатын сол көрші үйдің иті. Сол иттен ұялғанымнан азан шақыратын болдым. Сені шақырғанымда не болатын еді. Итпен ит болғым келмеді. Қ.Түм. ~ Байқадам қатуланды. — Қандысорға бұрын жеткеніммен, биыл онда шаңырақ көтергім келмей отыр. Әрі қарай өтіп кетіп, Қорғантүзге қонам! — Итпен ит болып неге керек… — дегенсіді Жақай. З.Шүк.
