Әлем-тапырығын шығарды, көресінін көрсетті. ~ Тартпа, үзеңгі бауын үзік-үзік жіп-шу бірдеңе. Отыруға жайлы емес, Тақымға батып, қажап, иттей қылады. Б.Соқ. ~ “Егер бұл шартты қабылдамасаңдар,— депті, тұтас арсенал — қаншама оғы бар маузер, үш винтовканы қатарынан көрсетіп,— көп ұзатпай-ақ үшеуіңді де атып тастаймын. Қалай? Иттей қылып. Жалғыз-ақ бесатармен. М.Мағ. ~ Жылқының арығындай Арғын кедей, Тойғансып мәз боласын, ішпей, жемей. Құр айғай салғаныңа кім шошиды, Жеңермін иттей қылып, адам демей. “Біржан – Сара”. ~ Ақыры сонда ителмен, инк, индейіс деген халықтарды атажұртынан иттей қылып қуып, өздері қап– қара алтынды итшаналарына тиеп, алыстағы еліне тасыды емес пе? Д.Әш.
