Posted in

ИТТЕН (ИТКЕ) СҮЙЕК ҚАРЫЗДАР

Қарыз алмаған адамы жоқ. ~ Жұрттың есі-дерті қала, базар-ошар. Одан бір шекелері шылқып жатса мақұл ғой. Иттен сүйек қарыз, баратын жері банк болды. Той істесе де банк, сауда қылса да, мәшине алса да, үй салса да банк. Аулалары от басып, сарғайып жатады. С.Алд. ~ Берікбол үнсіз. Қашан, қай уақытта қайтарарын да айта алмайды. Итке бір сүйек қарыз болған соң, айналасындағы достарының алдында да абыройдан жұрдай болды. А.Сп. ~ «Құсы жоққа тұрымтай – сұңқармен тең, Аты жоққа қотыр тай – тұлпармен тең» тексіз тепеңдегеннен тиылып, итке сүйек қарыздар қалыптан қашуымыз керек. М.Байж.