Posted in

ИТТЕН ҚАДІРСІЗ

Мүлде қадірі, абыройы, беделі жоқ. ~ … енді жалғыздықтың, тірі жесірліктің зарын тартып, иттен қадірсіз болған күйеуін енді ғана… енді ғана жатса– тұрса қаза қылмай, есіне алып, ағылтегіл жыларын түсінген … О.Бөк. ~ Дұрыс айтасың, адам иттен қадірсіз… Менің оған көзім әбден жетті. А.Алт. ~ ғалым, жазушы, әдебиетші деген дырдай атағым бар адам едім, енді міне қайдағы бір шхунаға тап болып, әлдебір аң сияқты адамдардың ортасында иттен қадірсіз боп келе жатырмын. Дж.Лонд.