Posted in

ИТТЕН ҮРІККЕН ЕШКІДЕЙ

Әлденедей үріккендей, ежірейе қарады д.м. ~ Дәл қазір, көзінің тірісінде Ислам әлемінен «Шейх-ул-Ислам» атағын алған, «Мұхаммедтен кейін пайғамбар болса, ол сөзсіз Ғазали болған болар еді» – деген абыройға бөленген әл Ғазалидің «Діни ғылымдардың қайта өрлеуі» сияқты еңбектерін оқып үйрену керек десең, біздің философ ғалымдар иттен үріккен ешкідей едірейе қарары хақ. Б.Айн. ~ “Қолынан тепті аяқпен ұсынғанды, Шығарды тура жолдан мұсылманды”, – Деп бәрі тас пен таяқ, кесек атып, Ешкідей иттен үріккен қысымға алды. БС. “Әбу.- Әбіл.” ~ Шұбар келіншек иттен үріккен ешкідей елең-елең етеді. Ж.Алт. ~ Жаңа жол-жөнекей дүкендеріңе соғып: “Шампан беріңізші” десем, сатушы қыз иттен үріккен ешкідей-ақ маған ежірейе қарап: “Шампан деген немене?” дейді. В.Шук.