Posted in

ИТТІҢ ҰЛЫ (ҚҰЛЫ) ИТАҚАЙ

Қайдағы біреу, кім болса сол. ~ Бүгін сол Жақсылықтай құнсыз-бұлсыз келімсектен көрмегенді көріп отыр. «Иттің ұлы – итақай» тең түсіп, қарсы сөйлеп, аз күн болса да жатқызып, жаза тартқызып отыр. М.Әу. ~ Ит құлы итақай қоқырайтып қалпақ киетінді тауыпты ғой. Уә, Сәке, басқа– басқа, қалпақ сенің ненді алған! .. Тазға тарақтың жараспайтынын білетін– ақ жастасың ғой,— деп, ол осы жерде еркіндік, еркелік дегеннің шекарасы, шамасы барын ұмытып еді. М.Сүн.