Posted in

ИТІНЕ ШЕЙІН (ДЕЙІН)

Кім болса сол, кім көрінген, бәрі. ~ Болыстың жігітімен қалай төбелессін? Азуын шайнап қала берді. Күйінді, ызаланды. Бұл ауылдың итіне шейін зорлықшыл, ұлы кеуде екен деп ойлады. Тезірек кетуге асықты. Бірақ байталын мініп кетті, қалай кетсін? Ж.Айм. ~ Қоңырқұлжаны өлтіріп, өшін алса арманынан шығатындай болды. Осындай тәуекелге бел бұған Әбдіуақит итіне шейін өзіне таныс Зейнеп тоқалдың аулы сыртын торлай бастады. І.Ес.~ «Бұл ауылдың итіне дейін кесір сөйлейтін болар ма?!» — деп ренжіген Өмірбек жаңағының кескініне қарап еді, аңырып қалыпты. С.Шай. ~ Бармақ басындай ара да иесін біледі, басқаға қырғындай тисе де Ефим, Марфадан бастап, осы хутордың итіне дейін жоламайды. М.Қаб. ~ Өй, енеңді ұрайын, есіктегі итіне дейін басынады бұлардың, – деп Ғазиз қалған үш күміс ақшаны малай есік қатпар-қатпар алақанына сылдыратып төге салды. С.Жүн.