Posted in

ИТІҢ АЯҢ

Өнбейтін, баяу жүріс. ~ Қаланың көшесінде шаң жұтып, одан шыға екі өгіздің итің аяңымен іші пысып, ерігіп қалған жігіттер жылқы даусын естігенде, құлағына жылы лебіз кіргендей, елең қағып, бастарын көтеріп алысты. Ж.Айм.~ Өгіздеріміздің итің аяңымен беткейге шықпасақ, қарсы алдымыздан кештің қоңыр самалы еспесе, қаратұманның сілемінен жуырда арыла алмайтын едік. Ж.Айм.