Posted in

ИТІ ШЫҚТЫ

Әбден шаршап, титықтады; мазасы кетіп, қор болды.
~ Қазақ шалының үйінде телевизор тыңдай алмай пұшайман болып еді, енді мұнда телевизордан қашып құтыла алмай иті шықты. Т.Сәук. ~ Ақсақал, жай сөйлесеңіз қайтеді? Ал, бақтық-қақтық, немене? Артым жер иіскемеді, түге. Бүгін бағып жүрген төрт аяқты мал емес… Таңертең өші қалғандай өңмеңдеп… күні бойы тепкіленіп, итім шықты… М.Қаб. ~ Көшенің батпағы толарсақтан келеді. Жауын сіркіреп қайта күшейді. Итім шығып, әзер жеттім. Еті ғана бөлмелі шағын үй екен. Адам лық толы. Көкала түтін. Б.Соқп.