Posted in

ИТІ ҚЫРЫН ЖҮГІРДІ

Жолы болмады, сәтсіздікке ұшырай берді, шаруасы жүрмеді. ~ Қыры кеткеннің иті қырын жүгіреді. М-М. ~ Бұл қазір
жақсылыққа көрінетін түстерді көруден де қалып барады. Иті қырын жүгіріп тұрған қазіргідей кезде түс қайдан оңғарылсын. Ә.Нұрп. ~ Бұл тағдыр соны да көпсінсе керек. Бәсе, неғып жолым болғыш боп кетті деп өзім де іштей күдіктенуші едім, итімнің қырын жүгіретін қашаннан әдеті емес пе. Т.Сәу. ~ Көре қал, мына желі оңынан тұрып, есіріп бара жатқан қара тобыр ертеңгі күні Еламанның кегін сенен алады. Жә, не қылса да, итің қырын жүгіргесін істеген ісіңнің беті оңғарылмайтыны ғой, шамасы. Ә.Нұрп. ~ Біреуге көл, біреуге шөл қатыгез тағдыр Сарыауыздың итін қырын жүгірткеніне де он жылдан асты. Өлмеген соң жүр әйтеуір. Басында панасы, бауырында қатын-баласы бар адам- ның арманы не. Ө.Кәр.