Жан-тәнімен ұнатпады; қатты жиренеді; суқаны сүймейді. ~ Сөзін тыңдағым келмейді. Ит етінен жек көріп отырмын. Аяғында өзінің мені тәуір көретінін сөйлеп келіп: — Сенің өткен күндегің маған керек емес, адамшылығың керек. Өткенге сен жазалы емессің. Сен тисең, мен сені аламын,— деді. Ж.Айм. ~ Біреуді тыңдап отырып, сөзін түзеткенді ит етінен жек көреді. Қайта білетін нәрсесін білмеген боп, өп-өтірік аңғал сұрақтар қояды. Ә.Кек. ~ Бір сұмдығы, осы мезет өзге түгілі өзін де ит етінен жек көріп, өзінен өзінің жүрегі айныған. Н.Дәут. ~ Керегі жоқ, маған осы да жетеді. Сіз иттің етінен жек көретін нәрсені жақсы көруге қақым бар шығар? Д.Ис.
