Posted in

ИТ ЖАНДЫ

Шыдамды, төзімді; жаны сірі. ~ Жаның жаннатта боп жатырсың ба, батырым,– деді дауыстап. ─ Сені өлтірген. сатқындық көп қарғыстан қайтып адам болмас деп ойлаушы ем, ит жанды екен, әлі келеді сүйретіліп, содан қорқам. Т.Әбд. ~ Адам баласындай ит жандыны көрмейді екенсің, соған дейін өлмей жүрген. Боранқұл шұбат құйылған сусын торсығын әкелгенде әлгі байқұс тұра ұмтылды. Ғ.Біл. ~ Осы уақытқа шейін өң мен түстің арасында жүріп те күнелтті емес пе, “Адам ит жанды” деп, сірә, тауып айтқан. О.Сәр.