Өлімші күйге түсірді, тас-талқан қылды (болды), қорлады, азапқа салды. ~ Көтібар: Мазағы болыппыз–ау мына жынның! (Бас салып ұрмақ болып) Жарайын осы арада ит жемі қып. Кім сұрап алар екен құнын бұның… М.Әу. ~ Таң алдында сүлеленіп үйіне әзер жеткен Ақбергеннің мылтық атса оянбай, тас бүркеніп шырт ұйқыға кететін қайран уақытының ит жемі шығып, қор болған түрі мынау. Қ.Жиен. ~ Мен жаназамды бұдан елу жыл бұрын, қылшылдаған қырқымда- ақ, мекеге барып келген қазіретке шығартып қойғанмын, осылай ит жемі болып, ұрпақсыз- ұрансыз өлерімді сезгенмін, – дейді. О.Бөк. ~ Сөйтіп жердің арғы бетіндегі ит тұмсығы өтпес ормандар мен ит іздесе таппас иен мекенде итарқа қостарын тігіп, ит жүгіртіп, құс салып жүрген бейбіт халықтың итін шығарып, ит жемі етті емес пе? Д.Әш.
