Аяғы ауыр әйелдің әлдебір тамаққа аңсары аууы. ~ Қойдың еті де күлімсі сасып, асқазаным айнып тұрады. — Жарығым- ау! Ертерек айтсаң болмай ма? Ит жерік болып қалған екенсің ғой онда. Не ішкің келеді? – Шұбат жоқ қой қазір бұл ауылда… Соны аңсағандай боламын. Т.Рыск. ~ Қар еріп жер қарайып қырдан қатынаушылар да көбейді. Əркімнен ұялып «бір еркекті үйіне кіргізіп алыпты» дейтін болды–ау байы кете сала» – деп жүргенде Хадиша нағыз масқара болғанын сезді. Екіқабат боп қалыпты. Ит жерік басталды… С.Досж.
