Posted in

ИТ ЗЫҚЫСЫ ШЫҚТЫ (ИТ ЗЫҚЫСЫН ШЫҒАРДЫ)

Қатты шаршап, болдырды; иттей болды (қылды). * Аттар әбден титықтап болдырды; жұрт көздеріне құм құйылып, желге қарай жүре алмай, ит зықылары шықты. Ә.Кек. * Әккі түлкі алдырар емес. Жыра-жықпылға салып әбден ит зықысын шығарды. Ә.Кек. * … Түркістанға әбден ит зықылары шығып әзер жеткен елшілік Ақ сарайдың табалдырығынан аттамай жатып қайдан келдімге түсті. Ә.Кек. ~ Әккі түлкі алдырар емес. Жыра-жықпылға салып әбден ит зықысын шығарды. Ә.Кек.