Posted in

ИТ КӨЗІ ТҮТІН ТАНЫМАС

Мұқтаждық көру, жүдеу-жадау күн көру; көрген күні қараң болу д.м. ~ «Ит көзі түтін танымаспен» өткен бұл жылдар Төреннің қап-қара шашын аппақ, етті. Б.Қыд. ~ Ал, мысалы, бүгін маған өмір онша қымбат емес сияқты. Осылай менше көз түрткі болып, ит көзі түтін танымас өмір сүргенше, адамдық өмірді хайуандықпен өткізгенше өлген жақсы емес пе? Б.Қыд. ~ Осының бәрін ми елегінен өткізген Шөке бұлайша жат ел, жат жерде ит көзі түтін танымас ғұмыр кешкеннен неде болса кетуге бел байлады. Б.Жұм.

  1. Бәріне немқұрайлы, немкеттілікпен қарау, ақ пен қараны ажырата алмау хақында. ~ Ит көзі түтін танымас деп, қай жерде қандай сөз айтудан да қала бастағаным ба, бұл? Қ.Қай. ~ …Әділ сын болуы керек! Ал бүгінгі «басы – бұлағай, аяғы – теңіз, ит көзі түтін танымас» (осындай рәуішті жағыдайда Көкем марқұмның көп айтатын сөзі еді) хәлде отырып, біз әдебиет әлемінде ондай атмосфера қалыптастыра аламыз ба? Св.Нұр.