Оқыс қауіпке кезіккендей үрпию, екі көзін тікірейтіп, шатынай қарау. ~ Өзі қанша шақырса да, анадай жерде ит көрген текедей, бір орыннан табаны аумай одырайып тұрған қырсық шалға енді бұл да айбатын шығарып … Ә.Нұрп. ~ Әй, өзің нағыз сорлы екенсің! Ит көрген текедей үрпиіп… C.См. ~ Сол немелердің бұған өңінде де бауыры бітіп тұратыны шамалы еді; а л түсіне кіргенде тіпті ызбарланып, ит көрген текедей көздері ежірейіп кетеді. Ә.Нұрп. ~ Ұйқысы қанбаған ба, екі көзі ит көрген текедейін шатынайды. М.Қаб. ~ Мұрнының үшіне қондырылған кезәйнегі түшкірсе ұшып кетейін деп, әрең ілініп тұр. Ол бізді көзәйнектің үстінен ит көрген текеше сүзе қарап, қарсы алды. Б.Соқп.
