Posted in

ИТ РӘСУА ЕТТІ (РӘСУАСЫ ШЫҚТЫ)

Арамтер болды, босқа шашылды, еңбеші еш кетті. ~ «Теріні илей білмеген ит рәсуә етеді» дегендей, барымызды іс қылмай,
байлығымызды игере алмай жатқанда, біреулер көмектесем, жарылқаймын десе, олардан аяғанды ит жесін. Д.Әш. ~ Жазған
сөйлемің таяқ секілді сіресіп еш оқылмайды, кебек жегендей қақалып–шашылып ит рәсуам шықты ғой! Д.Дос. ~ Екi
дүдәмалға демiккен ойдың ортасында қақпақылға түсiп, ит рәсуасы шықты. Ақыры дiңкесi құрыған ындын, санаға бағынбай
дегенiне жетелеп апарды. Ә.Ыб.