Қиыншылықта, жоқтықта өтіп жатқан тұрмыс хақында. ~ Жанашыр туысқан деген атымен жоқ. Кім көрінгеннің босағасына бір түнеп, қалған-құтқан тамағын ішіп, ит қорлықпен күн өтті. С.Ом. ~ Бейшара Жәми әке-шешесінің сөзінен шыға алмай, ішқұса боп, ит қорлықпен күн өткізуде. С.Ом. ~ Аяқты бір баса алмай емін-еркін, Өтті ғой ит қорлықпен өмір шіркін! Жүргенбіз өліп қалмай, не ғып шыдап, Қарашы күдерідей жанның беркін! М.Ж.Көп.
