Posted in

ИТ ҚОРЛЫҚ

Басқа түскен қиыншылық, біреудің басынуы, жәбір көрсетуі. ~ Бірақ мен осыншама ит қорлықты ешкімнен көріп, жаласын өзгеге жапқан емеспін, тек өзімнен, өзімнің тексіздігімнен, рухсыздығымнан, жігерсіздігімнен көрдім. О.Бөк. ~ Тоқтау айтып тәубаға шақырар адамның болмағаны ит қорлық екен. Д.Дос. ~ Жүріп келеді. Әлгі ит қорлықтан кейін неғып жүріп келе жатқанына түсінбейді. С.Елу. ~ ~ Азғантай малдың басын құрап, алдына салып, осы елсіз иенге әкеп тастады. Мұны қорлағаннан ерекше ләззат алатын болса керек, жиі келіп, шікірейе тұрып, тексеріп қайтады. Азық-түлік те мардымсыз бірдеңе. Ит қорлыққа жас балалары үшін шыдап баққан. Ақыры, міне… А.Нүс.