Адамға жараспайтын мінез-құлық. ~ Жасың келсе де әлі күнге дейін кісіліктің етегіне қолың жетпеген, құдайдың қалай тап қылғаны белгісіз, қолыңа қонған бақты ит қылығыңмен әрі ысырумен жүрген адам екенсің. Өзгеге ақыл айтар терең сауатым жоқ көптің бірі едім. О.Көш. ~ Ит, ол – хайуан! Ол ештеңе білмейді, онда сана-сезім жоқ, көрген итімен қырылып кеп кетеді. Итте: «не үшін бүйттім, ол маған не істеді, мен бұны танымаймын ғой, ұят болып қалды-ау» дегені сияқты ойлар мен сезімдер жоқ. Ол ит қой, оған сол ит қылық тән! Т.Шап.
