Posted in

ИТ ӘУРЕ БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ, -ГЕ ТҮСТІ)

Әуре-сарсаңға түсті, зорықты. ~ Екінші қайтара шылым тұтатып еді, қолы қалтырап, шырпының жалыны сигаретіне бірде тиіп, бірде тимей, ит әуре болды. М.Қаб. ~ Келінді де елпілдете көтеріп, еркелетіп төбеңе шығарып алғансың да, енді әбден қажығансын түсірем деп ит әуресің. М.Сүн. ~ Зибагүлге ит әуреге түсіп арбаны орнынан қозғағаннан гөрі, бөксесімен сарғыш құмның үстіне мамық секілді қона кетіп, екі қолын таянып, жарымжан аяғын сүйреткен күйі алға жылжығаны әлдеқайда жеңіл, әлдеқайда ыңғайлы. Қ.Жиен. ~ Малдас құрып байқап еді, айналып тұрған пластинканың үстіне шығып кеткендей тепе-тендігін сақтай алмады: көлденең ағашта қалғып отырған жас әтештейін бір еңкейіп, екі шалқайып ит әуреге түсті. М.Қаб.