Әлдебір қимылдың көмегімен ойын танытты. ~ Торғын екі рет қолыңды ал дегендей ишарат білдірді. Абзал байқамаған болды. К.Қаз. ~ Осы тұста Сұлтан маған қарады. Мен о л кезде қазақ сөзінің бәрін ұқсам да, сөйлеуге орашолақтау едім, бірдеме деуге батылым бармай, Сұлтанға өзің айтсаңшы деген ишарат білдірдім. С.Жүн. ~ Баграмян қағазға қарап отырған күйі басын изеді. «Өзім де оқып жатырмын» дегендей ишара білдірді. Ә.Нұрш. ~ Әкесі марқұм төкпе ақын еді! Соған тартқан ғой. Қолыммен ишарат көрсетіп, Елеместің өлеңінің әсерімен қызынған жұртты тыныштандырып қойдым. С.Ом. ~ Қымыз. Қасқа бие биыл қысыр. Әлі сауылады, – деді Маратбек. Әйкіжанға ишарат етті. – Қазір таңсық қой қымыз. Әперші қонағыңа. С.См. ~ Шығуға оқталған Гүлнашты Леонид Леонидович ыммен ірікті де, шоферына басын изеп, ишара етті. Т.Әл. ~ Екі шыны табаққа сары май салып, күжілдетіп ақсамауырды келтіріп, шайға ишарат қылды… С.Сей. ~ Маған жақында деген ишарат жасап, сұқ саусағымен көрсетіп, жазылған қағаздың әр-әр жеріне қол қой, – деген ым қақты. З.Нұрт. ~ Қолымен «отыр» деп ишара жасаған молда, баланы құшақтап отыр. Н.Абд.
