Posted in

ИЫҒЫМЕН КӨТЕРДІ

Мойынына түскен қиындықтың бәрін көтере білді, ауыртпалыққа шыдады. ~ Тәуір киімдерін киіп көшеге қарттар да шықты. Булардың көбі–ақ осы колхоздың ыстық суығына күйіп–пісіп өскендер. Колхозды өз қолымен ұйымдастырып, оның барлық қиындығын иығымен көтергендер. С.Бақ. ~ …ыстығы мен суығына шыдап, соның бәріне мойып, мойып қана қоймай ауыр жүкті иығымен көтеріп, көтере алатындығын ел алдында мойындап, өзінің мазмұнды ғұмырын қортындылай алғанда ғана, нағыз ақын тұғырына шығары хақ. Ш.Сар.