Көңілі жадырады, жаны жайланып, бойы жеңілдеп сала берді. ~ «Бiттi, құрыдым» деп алақаны терлеп, ине ұшында қылпылдаған Сәбира иығынан тау түскендей қалай «уh» деп жiбергенiн өзi де сезген жоқ. Т.Сәук. ~ Бір міндетінен құтылып, иығынан ауыр жүк түскендей жеңілейіп қалған Нартуған енді алдында тұрған асқа қарап еді… О.Сәрс. ~ Зүбәржат аяқ асты айтқан әнiн иығынан зiлмауыр жүк түскендей жеңiл күрсiнiспен аяқтады. Ж.Шағ.
