Иық жабар киім киді, тәуір киімге қолы жетті. ~ Адам ентігіп, шаршағанда, ауырған-да «иығынан дем алады» дейді. Кедей-кепшік үстіне бірдеңе жапсырғанда «иығы бүтінделді» дейді. Біреуге біреу күш қылғанда «иықтасты» дейді. Ө.Кәр. ~ Ал Қарақатын мен Судыр Ахмет сияқтылар әр саққа жүгіртіп жатқанда, Қалау қалаға соңғы барғанында мақпалдан бешпет, шалбар, екі жеңгесі мен бөпелеріне көйлек-көншек әкеліп аз ғана уақыттың ішінде үй ішінің иығы бүтінделіп қалды. Ә.Нұрп.
- Тұрмысы түзелді. ~ Біз туғанда соғыс аяқталып, шаруашылық қалпына келіп, жан жарасы жазыла бастаған кез еді. Жұрттың иығы бүтінделіп, көңілі көтеріліп үлгерген болатын. Мектеп бітіретін шағымызға дейін кеңестік экономика кәдімгідей еңсесін тіктеп, ірі-ірі міндеттерді шешіп үлгерді. С.Абд.
