Posted in

ИЫҒЫ (ИІНІ) ЖАУЫР БОЛДЫ

Көрген қорлық, қиындықтан шаршады, қажып бітті. ~ Сыралғысы сырт беріп, сырласқаны, мұңдастары тұрады ымдасқалы. Құнан жауыр болды иық келе-келе, көкіректі сол биік кім баспады. С.Им. ~ Тәуелсіздік алғалы, өздеріңіз білесіздер, «бір зат арзандапты» деген жақсы, жылы сөз естімеппіз. Тек қымбаттау, қымбаттау. Қымбатшылықтан халықтың иығы әбден жауыр болды. Е.Айғ. ~ Іш кепті боқтау қарғысқа, Жауыр да болды иінім. Алатын ақым: әр қыста Бұрышы бұзау үйінің. Жұб. Молд.