Posted in

ИЫҒЫ КӨТЕРІЛДІ

Рухтанды, елірді, арқасы қозды. ~ Жер кім баптаса, соныкі болды. Жұрт иығы көтеріліп, жаңа өмірге жұмыла құлаш ұрды. Бас–аяғы бес жылдың ішінде бәрі тойынып, қабағы жадырап, қайғысы азайып еді. Б.Мом. ~ Халықтың алдында қолына гармонь алғанда тоты құстай құлпырып, халықты өзіне тартып алатын болған. «Неғұрлым көпшілік бас қосқан жерде иығы көтеріліп кетуші еді», — дейді көргендер. С.Бег. ~ Түнгі сағат оннан кейін кешеге шыққандар тұтқынға алынады», деседі жұрт. Қалаға әскер кіруімен бірге қожаларымыздың иығы қайтадан көтеріліп алыпты. Ә.Сәр.