Көңілге қаяу түсірді, тұнжыртты, мұңайтты. ~ Сондықтан мына жай бұл үшін аса ауыр жаңалық еді. Үнемі қайғы-мұң иықтан баса берген адамның басқаға қиянатшыл келетінін ұқты. Ә.Әл. ~ Бір сәтке жауар бүлттай түнерген тым-тырыс тыныштық иықтан басқандай. А.Сей. ~ Бір жауса бірнеше күн толастамай, екі иықтан басып, еңсені де езе түсетін күздің көңілсіз жаңбыры осы… Д.Әш. ~ Литинституттың жатақханасы күңгірт, онсыз да қабағын ашпайтын Мәскеудің қоймалжың аспаны иықтан басып тұр. Қ.Ысқ.
