Posted in

ИЫҚ КӨТЕРДІ

Мінез танытты, еркінсіді, еңсесін тіктеді. ~ Тобырдан топ құрып, иық көтерме, Арпалыспа, арам тер боп бекерге. Түнгі аспанның бар жұлдызы жиналып, Жалғыз күннің жарығына жетер ме? Қ.Бұғ. ~ Өмір бақи есірік желмен ерегісіп келе жатқан теңіз осы кезде күш шақырғандай қайта ыңыранып, қара көк толқын ереуілдеп иық көтере бастаған-ды. Ә.Нұрп.